Ертең – сенбі…
Өмір өтіп барады,
Осы аптада бітіргенім шамалы!
Осы аптада бітірем деп жүргенде,
О, әкеңнің… сенбі келіп қалады…

Ертең – сенбі…
Ертең тағы − демалыс,
Көңілімді кері итерер кері ағыс,
Бір аптаға, жоқ, бір айға жоқ болып,
Елге кетіп қалсам ба екен ең алыс?!

Ертең – сенбі…
Түсінбедім, не бұным?
Екі күн + той, бес күн + жұмыс = Өмірім?!
Тойға барып қарным тойып келсе де,
Неге менің аш қайтады көңілім?!

Ертең – сенбі…
Қайдан ұқсын басқалар?!
Ішу-құсу, жылау-сықтау басталар:
Күйеулері маймыл құсап мас болар,
Әйелдердің әжіміне жас толар…

Ертең – сенбі…
Түсініксіз не екені?!
Оқу керек М.Тәтімов көкені!
Сенбі күні неге жігіт азайып,
Көшелерде қыз көбейіп кетеді?!

Ертең – сенбі…
Әуелейді әніміз,
Дайын тұрар дастарханда дәміңіз.
Сенбі күні қуанамыз бәріміз,
Сенбі күні мұңаяды кәрі қыз…

Ертең – сенбі…
Шыр айналып қаланы,
Біреу – теңге, біреу – жеңге табады.
Үйленетін жігіттей боп киініп,
Тамадалар тойға кетіп барады…

Ертең – сенбі…
Оттай жанып жанары,
О, қаншама қыздың бағы жанады?!
Бір бойжеткен неке жүзік таққанда,
Жүз бойжеткен үміттеніп қалады.

Ертең – сенбі…
Бүгін ─ жұма, Құдайым,
Жүрегімді жайып… дұға қылайын:
Адасқандар арманына қосылып,
Бірін-бірі бақытты етсін, ылайым!

Ертең – сенбі…
Өте шығар күн қысқа,
Қызмет қуып, қызық қуып, тырмыспа!
Ертең – сенбі,
Өмір өтіп барады-ай…

Авторын білмедім бірақ өлең ұнады

***

Сенің туылған күнің қай күні?
Арнайы ғалымдар зертттеу орталығының зертттеулері бойынша әр адамның санға деген байланысы бар. Әр күннің өзіндік ерекшеліктері болады:

1-інде туылғандар акшасы коп. Акша десе барине барады

2-сінде туылғандар еңбекқор, таза, үнемдегіш

3-інде туылғандар жан-жақты, биреудин айтканымен журетин

4-інде туылғандар қайсар, мықты, адал бирак арасында отирик айтатын

5-інде туылғандар байсалды, жомарт, ақылды бирак адамнын миын житин

6-сы туылғандар ашық, коп сойлейтин аузына тыным жок онерге жакын

7-сі туылғандар мейірімді, ақылды көңілге көп карайтын. Оз исине мыкым

8-і туылғандар ақ көңіл, жайдарлы, қарапайым ештене мен шаруасы жок

9-ы туылғандар қырсықтау, айтқанын істейтін, парасатты

10-ында туылғандар мінезі ауыр, ойшыл, еңбекқор

11-інде туылғандар сезімтал, әділетті, таза

12-сі туылғандар асықпай шешетін, байсалды, ақылды

13-і туылғандар батыл, орнын білетін, сыйлай алатын

14-і туылғандар салмақты, мейірімді, ұшқалақ. Конакжай

15-і туылғандар шыншыл, ашық, бейімделгіш

16-сы туылғандар төзімді, сыршыл, мұқият

17-сі туылғандар нәзік, ақылды, қарапайым

18-і туылғандар өте кірпияз, намысшыл, әділетті. Сенип калатын

19-ы туылғандар арманшыл, өнерлі, батыл

20-сы туылғандар адамгершілігі мол, тұйық, қайратты

21-і туылғандар қарапайым, қыдырымпаз, адал

22-сі туылғандар сыншыл, тәкаппар, ойшыл. Жылагыш

23-і туылғандардың жаны сыр, төзімді, ашуға алынбайтын

24-і туылғандар намысшыл, ұлтшыл, ашық дым шыгармайтыннан

25-і туылғандар сезімтал, жан-жақты, өнерге жақын

26-сы туылғандар ақ көңіл, берік, парасатты

27-сі туылғандар адал, еңбекқор, шашынқы

28-і туылғандар жайдарлы, орнын білетін, сабырлы сабырсыз конеберетин

29-ы туылғандар мінезі ауыр, тұйық, қарапайым

30-ы туылғандар мықты, сыршыл, көптің алдына тұратын

31-і туылғандар тиянақты, жинақы, салмақты екен.

***

Жұмбақ;
1) Ешкіммен жатқаным жоқ, күнәға батқаным жоқ.
Бірақ, үш балам бар. Жауабы 5-әріптен тұрады.
Жаман ойлағанның өзі жаман.

2) Жазда ысиды, қыста үсиді, үнемі қышиды.
жауабы 5-әріп, жаман ойлағанның өзі жаман.

3) Бір жеріңе ілініп тұрады, өзіңе білініп тұрады.
молда түкіріп береді, әйелің бітіріп береді.
бұлда 5-әріп, ойы жаманның өзі жаман. Жұмбақты шешіп отырайық.

***

Кемпір деген кім?
Қазіргі жастардың көбі келіншегін – «кемпірім», күйеуін – «шалым» деп жиі атайды. Жастар кемпір, шал сөзінің шынайы мағынасын білмейтін болар. Егер де сол сөздің мағынасын білсе, «кемпірім», «шалым» деп айтпас еді. Кемпір сөзінің былай болу керек деген нақты ережесі жоқ.

Кемпір деп күйеуі қайтыс болған егде жасқа келген әйелді айтады. Қазақта «пірсіздің пірі – шайтан, әйелдің пірі – күйеуі» деген мақал бар. Кемпір – пірі кем әйел дегенді білдіреді. Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қорлатпаған халық. Күйеуі қайтыс болған келіншекті жесір деп атаған. Күйеуінің бір жылдық асын бергеннен кейін ел ақсақалдары жиылып жесірді қайнысына, не қайнағасына атастырған. Ал егде жасқа келген әйелдің, балалары ер жетіп, қыздары бой жеткен кезде күйеуі қайтыс болса кемпір деп атаған.

Қазақ оларды, құрметтеп сыйлаған. Күйеуі қайтыс болған кемпірлер үй билігін де, түз билігін де өздері алған. Қазір үлкен кісілердің «кемпіріммен ақылдасайын», біздің үйдің «кемпірі шешеді», «кемпір біледі» деп жүрген сөздер осыдан қалған. Ал күйеуі тірі адамды ешкім кемпір демеген. Кейбір әжелеріміз де кемпір деген сөзге ашуланып қалатыны сондықтан. Бірақ қазір көп сөздің шынай мағынасы ұмытылды. Қазақ халқында күйеуінен айырлысу деген болмаған. «Атың жаман болса сатып құтыларсың, қатының жаман болса, қайтып құтыласың» деген сөз содан қалған. Ал, қазіргі жастардың айырлысуы бұл қоғамның үлкен қасереті.

Қадірлі іні-келіндерім, сіздер ананы, сүйген жарды кемпірге теңемей-ақ, анашым, шешем, жарым, жұбайым, келіншегім, зайыбым десеңдер болады. Ал, келіндер, күйеулеріңді «шалым», «біздің шал», «біздің үйдің шалы» дегенше күйеуім, отағасым, жарым, балаларымның әкесі десеңіздер болады ғой. «Кемпір» күйеуі қайтыс болған егде жастағы әйел деген сөз. Ал шал сөзінің мағынасы. Жастар түгелі үлкен астарда «Ата ұлдарына» шапан таратқанда, көп жерлерде «ана рудың шалынан кім бар», «мына рудың шалдарынан кім бар?!» деп айқайлап жатады. «Ақсақал» деген қастерлі сөз ұмытып, «шал» деген сөзі басып барады. Қазір, балаларымыз, «әке», «анам» деген ардақты сөздің орнына біздің үйдің «кемпір», «шалы» дейтін болды. Бір, біріне «шал қайда?», десе «шал ауылда жоқ» деп жатады. Бұл сөздерге құлағымыз үйреніп барады. Көбіне үлкен кісілер шал дегенге шамданып жатырса, ал қазіргі жас жігіттер «шал» деген сөзге мақтанады. Шал сөзінің түпкі мағанасы «түнгі төсекке жарамай қалған ер адам» деген сөз.

***

Әйел барда ашық тұрар есігің,
Әйел барда тербетулі бесігің!
Әйел барда, беделің де жоғары,
Әйел барда, өшпес сенің есімің!

Әйел барда, белің бекем буулы,
Әйел барда, мұрагерің туулы.
Әйел барда, қарның да тоқ, санаң тоқ,
Әйел барда киімің де жуулы!

Әйел барда, саулық та бар, сәлем бар.
Әйел барда, дәстүр де бар, кәдең бар.
Әйел барда, қонақ та бар, бәрі бар.
Әйел барда, таңғажайып әлем бар!

Әйел жоқта, кімге сен батырсың?
Әйел жоқта, кімге сазгер ақынсың?!
Әйел жоқта, өлең де жоқ, өмір жоқ.
Әйел жоқта, өз-өзіңе қатынсың!

Әйел жоқта, осырақ бір қоңызсың,
Әйел жоқта, кір қожалақ доңызсың.
Әйел жоқта, үйің де жоқ, күйің жоқ,
Әйел жоқта, сен кәдімгі БОМЖСЫҢ!

Средний рейтинг
5 из 5 звезд. 1 голосов.
Мой рейтинг:
24open
Если Вам понравилась данная статья - поделитесь с Вашими друзьями и товарищами в социальных сетях:

    Напишите ответ или комментарий

    Ваш адрес электронной почты не будет опубликован.


    Вы можете использовать эти HTML теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>